«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев атыраулық жастармен кездесті
islam-atyrau.kz/21 маусым, 2019 жыл. Нұр – Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев Атырауға арнайы келді.
Мұнайлы өлкеге сапары аясында ұстаз Мақсатбек Қайырғалиев орталық «Иманғали» мешіті жанынан құрылған «Иман жастары» еріктілерімен кездесті. Басқосу барысында ұстаз уақыттың қадір-қасиеті, жастық жігерді пайдалана білу, өмірдің мәні туралы уағыз айтып, аудитория тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) «Қиямет күні әрбір құлдан төрт нәрсе сұралмайынша, ол тұрған орнынан қозғалмайды. Бірінші, ол өмірін қалай өткізді? Екінші, жас күнгі күш-қайратын қайда жұмсады? Үшінші, ол білген біліміне қайсысына амал қылды? Төртінші, ол нәсібесін қалай тапты және қайда жұмсады?» - деген хадисі бар. Алла Тағала Құранда жастық жігерін ізгілікке, адамзаттың екі дүниесіне қайыры тиетін істерге жұмсаған пенделерін үлгі қылады» деді ұстаз Мақсатбек Қайырғалиев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.