Атырау: Бас мүфтидің орынбасары Алау Әділбаев бастаған делегация Сарайшық қалашығына барды
islam-atyrau.kz/27 маусым, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысына арнайы сапармен келген делегациясы сан ғасырлық тарихы бар Сарайшық қалашығына барып, тәу етті.
Бас мүфтидің орынбасары Алау Әділбаев, мүфтияттың шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқановтан тұратын делегацияны Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров бастап барды. Делегацияны жергілікті билік өкілдерімен бірге Махамбет ауданының бас имамы Ержан Иманғалиев қарсы алып, құрмет көрсетті.
Сапар аясында мәртебелі меймандар хан ордалы Сарайшықтың тарихымен танысып, осы аймақтарда дүниеден озған марқұмдардың рухына Құран бағыштап, құрбандық шалды.
Одан әрі жергілікті Сарайшық музейінде таныстырылым өтіп, сапар соңы салиқалы сұхбатқа ұласты.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.