Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

"Алтын өрнек" үйірмесінің алғашқы шәкірттері түлеп шықты (+ ВИДЕО)

islam-atyrau.kz/29 маусым, 2019 жыл.   Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінің жанынан ашылған "Алтын өрнек" тігін үйірмесі өзінің алғашқы түлектерін ұшырды.

 

Небары бір айдың ішінде үйірмеге қатысушы әйел азаматтар белдемше түрлерін, көйлек, сырт киім (кардиган), шалбар және тюрбан тігуді үйренді.

"Біз негізінен тұрмыс тауқыметін тартып жүрген әйел азаматтарға көмектесуге тырыстық. Үйірмеден көп балалы, мұқтаж отбасылардың аналары тегін ілім алып, өз ісін шыңдай алады. Бірінші кезекте үйірмені жеті әйел азамат тәмамдап отыр" дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев. 

 

       Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Медиа

Жоғарыға