Сұлтан Бейбарыс мешітінде әйел жамағаты үшін сауат ашу курсы жұмыс істеуде
islam-atyrau.kz/3 шілде, 2019 жыл. Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде әйел жамағаты үшін жазғы сауат ашу курсы жұмысын бастады.
Аптасына бес рет өтіп жатқан курс барысында шәкірттер «Құран», «Тәжуид», «Сира» тақырыптары бойынша білім алуда.
«Қасиетті Құранның алғашқы түскен аяты білім алуға шақырды. «Иқра!» (Оқы!) деп басталған сөз «оқу мен жазуды игер» деген мағынаны береді. Тарихта мұсылмандардың әрбір жас-кәрісі, ер-әйелі білімнің тал бесіктен жер бесікке дейін парыздығын сезінді. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шарифінде: «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз, – десе, тағы бір хадисінде: «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен», – деп насихат қылған. Исламның өзі білім мен ғылымның діні. Сондықтан, кім-кімнің де білімін жетілдіруге, оқуға асық болып тұрғаны абзал» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспаөз-қызметі.