Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жылыойда мешіт жамағаты арасында ілім сайысы өтті

islam-atyrau.kz/17 шілде, 2019 жыл. "Раббым білімімді арттыр". Осындай тақырыпта Жылыой ауданының орталық мешітінде жамағат арасында ілім сайысы өтті.  

Басты ерекшелік сол, бұл сайысқа бес уақыт намазға қатысып, мешітке келіп құлшылық жасап жүрген ерлер жамағатының барлығына қатысуға мүмкіндік берілді. "Барлығы сексен адам қатысқан ілім сайысында әр қатысушы "Сира", "Ақида", "Фиқһ", "Құран" сабақтары бойынша жазбаша және тест түріндегі сұрақтарға жауап берді. Осылайша, білім деңгейінің жоғарылығын көрсеткен отыз адам сайыстың бірінші кезеңінен сәтті өтті. Ал, сайысқа қатысқан барша жамағатқа "Алла Елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) жайлы 150 сұрақ" кітапшасы  таратылды. Алдағы уақытта озық шыққандар сайыстың екінші және үшінші кезеңінде білімдерін сынайтын болады. Үздіктерге бағалы сыйлықтар беріледі" дейді Жылыой ауданының орталық мешітінің ұстазы Думан Балықшиев.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Жоғарыға