Шәкірттер тарихи - өлкетану музейін аралады
islam-atyrau.kz/23 шілде, 2019 жыл. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт жанындағы жазғы сауат ашу курсында ілім алған шәкірттер облыс орталығындағы Тарихи өлкетану музейіне экскурсия жасады.
Экскурсия барысында шәкірттер музейдің залдарын аралап, ел, өлке тарихына қатысты құнды деректермен сусындады. Және өздерін қызықтырған сауалдардың жауабын алды. Сонымен бірге, бұл күні шәкірттер мұнайлы өлкенің бас ғибадат орны - орталық "Иманғали" мешітіне барып, қасиетті орынның тыныс-тіршілігімен танысты.
Атырау қаласындағы Жұлдыз елдімекенінде орналасқан аталмыш мешітте отыз бес шәкірт сабақ алды. Оның ішінде, 15-і қыз бала, 20-сы ер бала болатын. Екі айға жуық уақыт бойы шәкірттер "Құран", "Әдеп", "Сира" сабақтары бойынша ілім алды. Сонымен бірге, шәкірттер өзара дұға жаттап жарысты.
Балаларға Астана медресесінің екінші курсын бітірген шәкірт Қуаныш Оразғалиевтың ұстаздық еткенін атап өткеніміз жөн.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз - қызметі.