Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Атырау мешіттерінде көшпелі дәріс жүргізілуде

 islam-atyrau.kz/29 шілде, 2019 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық "Иманғали" мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен Атырау қаласына қарасты мешіттерде білікті ұстаздардың көшпелі дәріс өткізіп жүргені белгілі.

Осындай игілікті дәріс Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан Мәулімберген мешітінде болып өтті. Көшпелі дәріс барысында орталық "Иманғали" мешітінің ұстазы Ерболат Боханов жамағат бірлігі туралы уағыз айтты. 

"Мұсылмандардың ең басты ұстанымы – Құран. Құранда Алла Тағала біздерге ақ пен қараны айырып, мұсылмандар үшін әмірлері мен тыйымдарын паш етіп, сондай-ақ бірлік пен басшыға бағынудың да маңызын баян еткен. Сондай аяттардың бірінде Алла Тағала былай деп келтіреді: "Түп-түгел Алланың жібіне жабысыңдар да бөлінбеңдер". (Әли Имран сүресі, 103-аят). 

 Демек, қасиетті Құранда Алла Тағала біздер үшін бір болуды да әмір етті. Мұсылмандар үшін бір болу Алладан келген әмір ғана емес, тағылымы мол іс екені шүбәсіз" деп атап өтті ұстаз Ерболат Боханов дәріс барысында.

Еске сала кетелік, жамағаттың басын қосу мақсатында мұндай көшпелі дәріс әр сейсенбі сайын мешіттерде өтіп отырады.  

 

 

Орталық "Иманғали"мешітінің баспасөз-қызметі. 

 

Жоғарыға