"Имани жаз": шәкірттерге сертификат тапсырылды
islam-atyrau.kz/29 шілде, 2019 жыл. Жылыой орталық мешітінде діни сауат ашу курсы аяқталды.
Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаев екі ай бойы білім алған жас бүлдіршіндерге сертификат тапсырды.
"Бұл жолы жазғы сауат ашу курсының Қыз балалар тобында 32 шәкірт білім алды. Оның ішінде он қыз бала Құран курсын толық аяқтап, Құранды арабша оқи алатын дәрежеге жетті. Жалпы, курс барысында шәкірттер ислам дінінің негізгі міндеттері мен маңызы туралы толық ақпарат алды" дейді Жылыой мұсылмандар мешітінің ұстазы Думан Балықшиев.
Орталық "Иманғали"мешітінің баспасөз-қызметі.