Сұлтан Бейбарыс мешіті 320 килограмм азық-түлікті мұқтаждарға таратты (+ВИДЕО)
islam-atyrau.kz/15 тамыз, 2019 жыл. Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешіті мұқтаж отбасыларға осынша көлемдегі азық-түлікті таратты.
Барлығы 64 отбасына таратылған азық-түлік пакетінің ішінде азық-түлік себетінің негізгі базасы қамтылған.
«Шайтан сендерді (зекет, садақа берсеңдер, дүниелерің ортайып қалады деп) кедейлікпен қорқытады. Сондай-ақ, сендерге сараңдықты, дүниелеріңді керісінше күнәлі, арсыз істерге жұмсауды бұйырады.
Алла Тағала тарапынан кең кешірім және мол шарапат уәде етеді. Алла – Уасиғ (өте кең, асқан жомарт), Алим (құлдарының барлық жай-күйін, кімнің дүниесін қандай жолда жұмсап жүргенін өте жақсы білетін шексіз ілім иесі. Біз бұл бастаманы «Аяттан-амалға» жобасы аясында Алла разылығы үшін ұйымдастырып отырмыз» дейдіСұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.