Мақат ауданының орталық мешітінде айлық отырыс өтті
islam-atyrau.kz/15 тамыз, 2019 жыл. Мешіт ұжымы мен жамағат қатысқан басқосуда Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов жамағат бірлігі туралы уағыз айтты.
Мұсылман баласының ұстанымы, өмірдің мәні туралы кеңірек әңгімелегенМақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов «мұсылман адам әрдайым өз-өзіне есеп беріп отыруы керек. Сөзі мен ісі сәйкес келген адам өзгеге үлгі бола алады. Мәселен,әрбір мұсылман ада болуы тиіс сипаттардың бірі - екіжүзділік, жүрек ластығы. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Шын мәнінде Алла сендердің дене бітімдеріңе және келбеттеріңе қарамайды, алайда сендердің жүректеріңе және амалдарыңа қарайды» деді.
Жүрегі жақсы ниетке толы адам ешкімге жаманшылық ойламайды, күндемейді, қызғанбайды, жаманшылық жасамайды, тіліне ие боп жүреді, біреудің байлығын көріп ауырмайды, кедейді көріп асып-таспайды, көмек сұраған кісіге қолынан келгенше көмектеседі. Және білім игеру, оқу, үйрену де мұсылманға тән сипат» деп атап өтті ұстаз Біләл Сағындықов.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.