Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

"Имани жаз": Құспан молла мешітінде шәкірттерге ерекше сый жасалды

islam-atyrau.kz/15 тамыз, 2019 жыл.   Атырау қалалық Құспан молла мешіті бүгін «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсын қорытындылады.

Жазғы курста 40 шәкірт білім алды. «Қасиетті Құранның алғашқы түскен аяты білім алуға шақырды. «Иқра!» (Оқы!) деп басталған сөз «оқу мен жазуды игер» деген мағынаны береді. Тарихта мұсылмандардың әрбір жас-кәрісі, ер-әйелі білімнің тал бесіктен жер бесікке дейін парыздығын сезінді.

Біздің мешітіміздегі маусымдық курста негізінен 6 және 13 жас аралығындағы балалар «Құран әліппесі», «Сира» сабақтары бойынша білім алып, дұғалар жаттап жарысты. Сонымен бірге, Алланың көркем 99 есімін жаттады» дейді Атырау қалалық Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров.

Сертификат тапсыру салтанатынан соң, балаларды мешіт ұжымы «Байзар» ойын-сауық орталығындағы ойын алаңына апарып, шәкірттерге ерекше демалыс сыйлады.

 

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.

Жоғарыға