Мақат аудандық мешітінің бас имамы жастармен жүздесті
islam-atyrau.kz/20 тамыз, 2019 жыл. Жастарды теріс ағымнан сақтандыру мақсатында Мақат аудандық орталық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықов жас буынмен кездесті.
Мақат ауданының жастар бөлімі ұйымдастырған кездесу барысында ұстаз Біләл Сағындықов тәрбие, білім көзі туралы уағыз айтты.
«Отан – отбасынан басталады. Демек, тәрбиенің қайнар көзі де отбасы болуы тиіс. Бала өсіп-жетілген сайын оның ортасы да кеңейеді. Бірақ, адам кез-келген сұрағына жауапты маманнан алуға ұмтылуы керек. Мысалға, дін мәселесінде өкінішке орай, кей жастарымыз үшін интернет «ұстаз» болып кетті. Асылында, діни білімде адамға мешіт, медреседен асқан ұстаз жоқ» деп атап өткен Мақат аудандық орталық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықов жастарға зымырап өтіп жатқан уақытты дұрыс пайдалана білуге шақырды.
Мақат аудандық орталық мешітінің баспасөз – қызметі.