ӨКІЛ ИМАМ ЖАСТАР ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ (+ФОТО)
islam-atyrau.kz/16 қыркүйек, 2019 жыл. Дін және жастар. Бұл тақырып аса өзекті, ең керекті. Жас буынды имандылыққа баулып, олар үшін дұрыс діни мектеп қалыптастыру рухани құндылықты жемісі болмақ.
Осындай мұратты қолға алған ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, облыстық "Иманғали" орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров шаһардағы "Сұлтан Бейбарыс" мешітінің жастар жамағатымен арнайы кездесті. Жастармен жүздескен өкіл имам Б.Берденұлы "Білім сарқылмас бұлақ" тақырыында уағыз айтты.
"Әлемге танымал мұсылман дінтанушысы имам Ғазали діни білім туралы былай дейді: «Пайдалы біліммен шұғылдану бүкіл басқа істерге қарағанда әлдеқайда жақсы. Пайдалы білім – дүниенің жамандығын, ақыреттегі жағдайдың қауіптілігі мен қорқыныштылығын түсіндіретін білім». Демек, жастарымыз дәстүрлі дін, рухани құндылықтар, дін ғұламалары және олардың еңбектері жайлы біле отырып, елімізде өзара түсіністік пен дінаралық татулықты сақтай отырып,мемлекеттілікті нығайту жолында үлес қосуы тиіс», - деп атап өтті ұстаз, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров.
Еркін форматта өткен басқосуда мешіттің жастар жамағаты өкіл имамның уағызынан рухани әсер алып, таным көкжиегін кеңіте түсті. Сонымен бірге жастар өздерін мазалаған сауалдарын қойып, күдік ұялатқан мәселелерге жауабын ала білді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.