Мәулімберген мешітіндегі асар: жалғама құрылысқа жамағат атсалысуда
islam-atyrau.kz/18 қыркүйек, 2019 жыл. Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан Мәулімберген мешіті жанынан жалғама ғимарат тұрғызу жұмысына тұтас жамағат атсалысуда.
Бұл туралы islam-atyrau.kz-ге Мәулімберген мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов хабарлады.
«Бүгінгі таңда шаруашылық қарқынды жүріп жатыр. Әсіресе, әр жұма сайын жамағат бірлесіп, құрылысқа асарлатып атсалысуда. Бұл жерде жамағат бірлігі айқын көрінеді. Сауапты істе біріге амал жасап жатқан бауырларымызға Алла разы болсын» дейді Мәулімберген мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.