Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев дәрігерлермен кездесті

  islam-atyrau.kz/18 қыркүйек, 2019 жыл.   Дін және жастар. Атырау қаласындағы тіс дәрігері мамандарымен өткен кездесу кезінде осы тақырыпта уағыз айтты.

«Жастық шақ – адам баласының ең тартымды әрі ең белсенді кезеңі. Өмірдің шыңы, қайрат-жігерге толы, жалындаған шақ. Тепсе темір үзер күш-қуаты тасып тұрған тәуекелге толы кезең. Бұл жаста адам зерттелмеген жаңа көкжиектерді анықтауға, биік армандарға жетуге тырысады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Қиямет күні Алланың ешбір құлы өмірін қайтіп өткізгендігі, жастық шағын қалай өткізгендігі, дүние-мүлкін қандай жолдармен тауып, қайда жұмсағандығы және алған білімімен не істегендігі жайлы есепке тартылмайынша бір адам да орнынан тапжылмайды» деген.

Басқа бір хадисте:

«Бес нәрсе келмей тұрып, бес нәрсенің қадірін біліңдер: өлмей тұрып өмірдің қадірін, бір нәрсемен шұғылданбастан бұрын бос уақыттың, ауырмай тұрып денсаулықтың, қартаймай тұрып жастық шақтың, кедейліктен бұрын байлықтың қадірін біліңдер» деген. Демек, жастық шақты пайдалы ілімге, елге көмегі тиетін іске арнағанымыз абзал» дейді ұстаз Ержан Қағазғалиев.

Кездесу соңы еркін форматтағы сұрақ-жауапқа ұласты. 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға