Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов атыраулық имамдармен кездесті
islam-atyrau.kz/19 қыркүйек, 2019 жыл. Атырауға жұмыс сапарымен келген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов орталық "Иманғали" мешітінде жергілікті имамдармен кездесті.
Мешіттің ішкі жұмыстарымен танысқан комитет төрағасы Ержан Нүкежанов осылайша, Атырау қаласына қарасты мешіт имамдарымен ашық форматта сұхбат құрды.
Аймақтағы діни ахуал, имамдардың қызметтік барысы талқыланған сұхбатта келелі мәселелер талқыланды.
"Мұндай сұхбаттар әсіресе, тәжірибе алмасу алаңы бола алады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің Дін істері комитетімен, жергілікті басқармалармен ұдайы тығыз байланыста. Біздің ортақ міндетіміз - дінімізге қызмет ету" дейді Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.