Жұлдыз мешітінде намаз оқу алаңы пайдалануға берілді
islam-atyrau.kz/29 қыркүйек, 2019 жыл. Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіт ауласына жамағат үшін намаз оқитын орын жасақталды.
"Жамағатпен бірге, жергілікті кәсіпкерлер жұмылған бұл намаз оқитын орын мешітке келушілер үшін қолайлы жағдай туғызу мақсатында жасақталып отыр. Әсіресе, діни мейрамдарда жамағатқа лық толған мешіт ішінен орын таба алмағандар, намаз кезінде аулаға жасалған арнайы намаз орнына келіп құлшылық жасай алады" дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы.
Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітті кеңейту мақсатында, жапсарлас ғимарат салу жұмысы қолға алынуда.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.