Атырауға РАНТ мүшесі Бауыржан Отарбаев келді
islam-atyrau.kz/29 қыркүйек, 2019 жыл. Атырауға жұмыс сапарымен республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі, теолог, Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы Бауыржан Отарбаев келді.
Орталық "Иманғали" мешітінің жамағатымен жүздескен ұстаз Бауыржан Отарбаев келелі мәселелер төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге, Ақшам намазынан кейін Құптан намазына дейінгі аралықта жамағатқа жат ағымға түсудің алдын алу туралы уағыз айтты.
"Қателесу - керегімді өзім жинап аламын деген ойдан басталады. Асылында, білімді ілім иесінен алған жөн. Бұл ретте ілім ізденушіге мүфтият ұсынған ғалым, ұстаздар көмекке келе алады" деп атап өтті РАНТ мүшесі Бауыржан Отарбаев.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.