Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Қанат Ислам WBO рейтингінің үздік бестігіне енді

  islam-atyrau.kz/19 қараша, 2019 жыл.  WBO (Дүниежүзіліп бокс ұйымы) нұсқасы бойынша боксшылардың жаңартылған рейтингі жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Қанат Ислам WBO рейтингінің үздік бестігіне енді. Екінші орта салмақ санатында өнер көрсететін, WBO Global белдігінің иесі Айдос Ербосынұлы сегізінші орында тұр.

Орта салмақ санатында WBO International чемпионы Қанат Ислам сегізінші сатыдан бесінші орынға көтерілді. Одан кейінгі позицияға WBO Global белдігі бар Жәнібек Алімханұлы орналасқан. Ол өткен айда 13-орында еді.

Бірінші жартылай орта салмақ санатының өкілі WBO Inter-Continental чемпионы Жанқош Тұраров бұрынғыша тоғызыншы сатыда қалды.

Жоғарыға