Бас имам "Имам уақыты" бағдарламасына сұхбат берді
islam-atyrau.kz/22 қараша, 2019 жыл. Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Атырау қалалық «Каспиан ньюс» телеарнасына сұхбат берді.
Әр апта сайын эфирге шығарылып отыратын «Имам уақыты» бағдарламасына бас спикер ретінде қатысқан Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы көрермендер тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауап берді.
Намаз оқудың тәртібі, мәсіх тарту, мұсылман сипаты, ислам құндылықтары сынды көптеген сауалдарға жауап берген ұстаз Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы жан тазалығы хақындағы ойларымен бөлісті.
«Бұл бағдарламаны «Каспиан ньюс» телеарнасымен бірлескен жоба десек те болады. Мұндай бағдарламалар бұқараға қажет. Себебі, халық іздеген рухани сұранысын мешіттермен бірге, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да алып отыруы қажет» дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.