Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлына Махамбет ауданының жұртшылығы алғыс айтуда
islam-atyrau.kz/22 қараша, 2019 жыл. Бұл туралы бүгін islam-atyrau.kz-ге Махамбет ауданының бас имамы Ержан Насихатұлы хабарлады.
«Жұма намазынан соң, ауыл ақсақалдары жақында ғана өңірімізге арнайы сапармен келген ұстаз Алтынбек Ұтысханұлына ризашылықтарын білдірді. Махамбет жұртшылығы Бас имамның барлық бастамаларын қолдайтынын айтуда. Әсіресе, жұртшылық «Жеті рухани қазық» тұжырымдамасын жылы қабылдауда. Жастарды имандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатындағы игі бастамаларымызға мешітіміздің, ауылымыздың ақсақалдары да атсалысатын болады. Және Таңдай ауылынан жаңа мешіттің салынатыны – халықтың көптен күткен жаңалығы еді» дейді Махамбет ауданының бас имамы Ержан Насихатұлы.
Еске сала кетелік, жуырда ғана Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Махамбет ауданына арнайы барып, жергілікті орталық мешітте жамағатпен жүздескен болатын. Жүздесу барысында ұстаз ел бірлігі, қоғамдық тұрақтылық мәселелерін көтеріп, жамағатқа «Жеті рухани қазық» тұжырымдамасын таныстырды. Осындай форматтағы жұртшылықпен кездесу жергілікті мәдениет үйінде де өткен еді.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.