Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Жұлдыз мешіті Мәуліт мерекесін атап өтті

islam-atyrau.kz/23 қараша, 2019 жыл.   "Мәуліт мүбәрак болсын". Осындай атаумен Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте мәуліт кеші болып өтті.

Іс шараға Атырау қаласындағы барлық мешіттердің имамдары мен жамағат қатысты. Барлығы жүзге жуық адам қатысқан рухани шараны Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Айтжан Абдиров құттықтау сөзбен ашты.

Рухани кешке құрметті мейман ретінде шақырылған Әт Тақуа мешітінің бас имамы Өсімхан Тілеуов Мәуліт  мерекесінің ерекшелігі туралы уағыз айтты.

"Бұл мерекені атап өтудегі негізгі мақсат – Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбардың ғибратты ғұмырын насихаттау, жастарға имандылыққа тәрбиелеу, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтануға шақыру" деп атап өтті ұстаз Өсімхан Тілеуов өз сөзінде.

Шара соңында Атырау қаласына қарасты барлық мешіттерге сыйлық үлестірілді.

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Жоғарыға