Исатай ауданында "Әз Пайғамбар хақ жолы" атты кеш өтті
islam-atyrau.kz/23 қараша, 2019 жыл. Исатай ауданының Зинеден Құрасұлы атындағы орталық мешітінде "Әз Пайғамбар хақ жолы" атты рухани кеш болып өтті.
Мәуліт мерекесі аясында екі дүние сардары Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) сансыз салауат айтылған іс шараға Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Айтжан Абдиров арнайы қатысып, уағыз айтты.
"Мәулітті атап өту – абзал амалдың бірі. Себебі, мәуліт Пайғамбарға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілік пен қуаныштың айрықша көрінісі. Ал Пайғамбарды (с.ғ.с.) жақсы көру – иман негіздерінің бірі" дейді ұстаз Айтжан Абдиров.
Шараны ұйымдастырушы Исатай ауданының бас имамы Шалқар Дәулетханұлы мұндай рухани шаралардың бұқараны одан әрі біріктіре түсуде үлкен маңызға ие екендігін айтады.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.