Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы Қызылқоға жұртшылығына "Жеті рухани қазық" тұғырнамасын таныстырды

   islam-atyrau.kz/29 қараша, 2019 жыл.  Қызылқоға ауданына жұмыс сапарын Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы жергілікті жұртшылықпен кездесу арқылы жалғады.

Аталған аудан орталығы Миялы ауылында өткен кездесуге жергілікті зиялы қауым өкілдері, ауыл ақсақалдары, жас мамандар қатысты. 

Жиын барысында Бас  имам Алтынбек Ұтысханұлы аудан жұртшылығына "Жеті рухани қазық" тұғырнамасын таныстырды.  "Адамның өмір салты жиі құбылған заманда рухани құндылықтар аса маңызды. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз айтқандай, негізделмеген кез келген бастамалар баянсыз, яғни болашақсыз болады. Сондықтан да, мақсатымыз – рухани құндылықтарды, ойларымыз бен ұсыныстарымызды ортаға салып, бұдан былайғы уақытта дін қызметкерлері қабылданған құжаттар аясында қоғамда жастар тәрбиесінде осы бағытта жұмыс жасайтын боламыз», - деп атап өтті Бас имам өз сөзінде.

Кездесу соңы сұрақ-жауап форматында жалғасты. 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.

Жоғарыға