Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы «Шаңырақ» балалар ауылына барды

  islam-atyrau.kz/25 желтоқсан, 2019 жыл.   Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Шаңырақ» жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барды.

Балаларды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаған ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы елдің болашағы жастардың қолында екенін айтты. «Жастар – еліміздің ертеңі. Демек, жастарымыз осы бастан білімге, ғылымға назар аударып, өзін-өзі дамыту жолында еңбектенуі керек» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Кездесу соңында балаларға ұстаз Алтынбек Ұтысханұлының авторлығымен жарық көрген «Исламдағы 100 сұрақ»  кітабын үлестірді.

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Жоғарыға