Орталық мешітте елу отбасыға азық-түлік үлестірілді
islam-atyrau.kz/26 желтоқсан, 2019 жыл. Бүгін Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.
Әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлықты қажет ететін 50 отбасы қамтылған акция барысында азық-түлік және ет таратылды. Мұқтаж жандарға қайырымдылық пакеттерін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы тапсырды.
«Дінімізде мұқтаждың қажетін өтеп, жетім-жесірге қамқор болу, жағдайы төмен адамдарға көмек қолын созу қайырлы іс болып табылады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисінде былай дейді: «Су отты қалай сөндірсе, садақа да дәл солай күнәларды жояды», - деп мұқтаждың қажетін өтеуге үндеген.
Мешіттерде қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру – ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың еліміздің мешіттеріне белгілеп берген басым бағыттардың бірі» дейді ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.