Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Бүгін еліміздің барлық мешіттерінде ұшақ апатынан қаза болғандардың рухына дұға жасалды

   islam-atyrau.kz/26 желтоқсан, 2019 жыл.  Алматы облысында болған қайғылы оқиғаға байланысты бүгін еліміздің барлық мешіттерінде қасиетті жұма намазынан кейін қаза болғандардың рухына жамағатпен дұға жасалды. 

Мұсылманның өзге мұсылманның алдында міндеттері бар. Соның бірі – мұсылман бауыры үшін дұға жасау, жақсылық тілеу. Апаттан аман қалғандар үшін шипа сұрау, ал марқұм болғандарға Алладан мейірім, кешірім тілеу – мұсылманның міндеті. 

Біз де қасиетті жұма күні апаттан жарақат алған барша бауырларымызға шипа сұраймыз, марқұм болғандардың артында қалған отбасыларға қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.

Айта кетсек, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған «Бек Эйр» әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшу кезінде апатқа ұшырады. Болған оқиғаға байланысты Бас мүфти ұшақ апатынан қаза болған азаматтардың отбасына көңіл айтты.

 

Жоғарыға