Иман жастары: Сағыз ауылында кіші аяқ доптан І ауылішілік лига өтті
іslam-atyrau.kz/28 қаңтар, 2020 жыл. Салауатты өмір салтын насихаттау, ауыл спортына қолдау көрсету мақсатында Абдолла Хазірет мешіті жанынан құрылған "Сағыз иман жастары" еріктілер тобының ұйымдастыруымен желтоқсан-қаңтар айында кіші аяқ доптан өткен І ауылішілк лигасы өз мәресіне жетті.
Жеңімпаздарды марапаттауға Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылындағы "Абдолла Хазірет" мешітінің бас имамы Ерлан Маратұлы, Сағыз спорт кешенінің басшысы Беркінбай Сұлтанов қатысып, ауыл жастарына алғыс білдірді.
Турнир кестесіндегі ұпай сандарының нәтижесінде "Самұрық" командасы жеңімпаз атанды. "Азамат", ",ФОК" командалары межелі ІІ, ІІІ орындарды өзара бөлісті.
Алғаш мәрте ұйымдастырылып отырған ауылішілік лиганың "Ең үздік ойыншысы" болып Ардақ Құланов танылды.
Сондай-ақ, турнир барысында ерекше көзге түскен футболшылар "Үздік қақпашы" Эльдар Айдынғали (Иман жастары),"Үздік шабуылшы" Ақылбек Әлденов (Иман жастары),"Үздік қорғаушы" Олжас Балгерей (Құлагер), Самат Берікұлы (Локоматив) және Айболат Атырау (ФОК) "Көрермен көзайымы" номинациясымен марапатталды.
Жарыс соңында жеңімпаздарға арнайы кубок пен дипломдар табысталды.