Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы спорт саласының майталмандарымен кездесті
іslam-atyrau.kz/29 қаңтар, 2020 жыл. Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы спорт саласының майталмандарымен кездесті.
Орталық «Иманғали» мешітінің жаңарған конференц-залында өткен кездесуде өз саласында жетістікке жеткен чемпиондармен елдің бүгіні, болашағы туралы сұхбат өрбіді.
Имандылық, жат ағымнан сақтану мәселелері ерекше талқыланған жиында ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы спортшыларымыз жастар арасында үлгі болуы керек деген мәселені көтерді.
«Ислам діні – бейбітшілікті, тыныштықты, мейірбандылықты дәріптейді. Біздің зайырлы мемлекетіміздің басты ұстанымы да осы. Яғни, қоғамды бірлік туының маңайына топтастыру. Осы ретте, жастарымыз ізгілікті бойына сіңіріп, дәстүрлі дінімізбен сусындайтын болса, еліміздің болашағы кемел болары хақ» деп атап өтті өз сөзінде Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.