«Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов Кеңөзек ауылдық округі əкімінің есеп беру жиынына қатысты
іslam-atyrau.kz/4 ақпан, 2020 жыл. Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылдық «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов Кеңөзек ауылдық округі əкімінің есеп беру жиналысына қатысты.
Атырау қаласы əкімінің орынбасары Ринат Бауыржанұлының және жергілікті ауыл тұрғындарының қатысуымен өткен жиында өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебі айтылып, жаңа жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамудың межесі бекітілді.
Кеңөзек ауылдық округінің əкімі Ернар Өтешқалиевтың есеп беру жиынында пікір білдірген «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов өңірдегі діни ахуалды тұрақтандыруда отбасы құндылықтарын дәріптеудің маңызы зор екенін айтып, ауыл жұртшылығын бірлік туының маңайында топтасуға үндеді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.