Атырауға келген республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі Мәди Ахмедов жергілікті жастармен жүздесті
іslam-atyrau.kz/14 ақпан, 2020 жыл. Атырауға республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі Мәди Ахмедов жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында ол Атырау мұнай және газ университетіне арнайы барып, жастармен кездесті.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастап апарған жиында ғылым мен білімнің маңыздылығы хақында сұхбат өрбіді.
"Бұл кездесу әлемге мәшһүр Абай атамыздың 175 жылдық мерейлі датасы аясында өтіп отыр. Қасиетті Құранның өзі "Оқы!" деп басталады. Яғни, білім алу - ерге де, әйелге де парыз" деп атап өтті өз сөзінде республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі Мәди Ахмедов.
Іс шара аясында ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы жастар тарапынан келіп түскен сауалдарға жауап беріп, тәуелсіз еліміздің болашағы жастарымыздың білім деңгейіне, санасына, имандылығына тікелей байланысты" деп қорытындылады сұхбатты Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.