Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ұстаз Мәди Ахмедов Жұлдыз мешіті жамағатымен жүздесіп, жергілікті арнаға сұхбат берді

  іslam-atyrau.kz/14 ақпан, 2020 жыл.  Атырау облысына жұмыс сапары аясында республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі Мәди Ахметов Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің жамағатымен жүздесті.

 Қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі  жамағаттың ауызбіршілігі, елдің тыныштығы тақырыбын қозғаған ұстаз  Мәди Ахметов бөлінбей бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарудың маңызы туралы уағыз айтты.

"Негізі, шынайы мұсылманның бейнесі пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бізге қалай үйретті, солай болуы керек. Себебі, ислам діні – бейбітшіліктің, татулықтың діні. Байқасаңыздар, мешіттердің күмбезінде айдың бейнесі тұрады. Бұған көпшілік аса мəн бере бермеуі мүмкін. Бірақ, ол айдың үлкен мəні бар. Ай қараңғыда түскен жарықтың белгісі. Ислам діні де пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келген кезде сол кездегі қоғам қараңғылықта болатын. Ислам – адамдарды сол қараңғылықтан шығару үшін келген дін. Сол себептен, мешіттердің төбесінде айдың белгісі тұрады" дейді ұстаз Мәди Ахметов.

Сондай ақ, ұстаз Мәди Ахметов жергілікті "Атырау" телеарнасына арнайы сұхбат беріп, студия қонағы болды. 

 

 

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. 

Жоғарыға