Исатай ауданының ауылдарында "Жеті рухани қазық" тұғырнамасы насихатталды
іslam-atyrau.kz/17 ақпан, 2020 жыл. Исатай ауданының бас имамы Шалқар Дәулетханұлы ауылдарды аралады. Ондағы мақсат жұртшылыққа «Жеті рухани қазық» тұғырнамасын насихаттау.
Исатай ауданына қарасты Томан елдімекені, Қамысқала ауылдық округі, Тұщықұдық ауылдық округі, Аққыстау ауылдық округі, Жанбай, Нарын, Зинеден, Исатай ауылдық округтерінде өткен кездесу осылайша 500-ден астам адамды қамтыды.
«Өткен жылдағы ІІІ республикалық имамдар форумының басты оқиғасы – «Жеті рухани қазық» бағдарламасы болатын. Бұл құжатты тәлім әліппесі десек те болады. Тұғырнама мұсылманнан табылуы тиіс негізгі жеті көркем сипатты қамтиды. Атап айтқанда, имандылық, отаншыл болу, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениетті болу және әділдік принципін ұстану. Бұл – адам баласының кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға негіз болатын жеті рухани қазық.
Егер, әр мұсылман баласы осы қасиеттерді бойына сіңіруге жұмыстанатын болса, қоғамның рухани дамуында үлкен жетістіктерге жетеріміз анық» дейді Исатай ауданының бас имамы Шалқар Дәулетханұлы.
Ауылдық елдімекендерге іс-сапар Исатай аудандық орталық мешітінде қорытындыланып, жамағатқа «Жеті рухани қазық» тұғырнамасының мән-маңызы туралы уағыз – насихат айтылды.
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі.