Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
12 ақпан күні Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы №8 орта мектепте Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бас қосу өтті.
Жиналысқа Құлсары қаласының орталық мешітінің ұстазы Сағындықов Біләл, хирург маманы Алия Мырзағалиқызы, психолог Фарида Бітімқызы, Жылыой аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Нұрлан Оразғалиұлы, Жылыой аудандық патрулдік полиция бөлімінің инспекторы Алмат Гайдарұлы, мектеп мұғалімдері және жасөспірім ер балалар қатысты. Орталық мешітінің ұстазы оқушылыларға құқық бұзушылықтан, кері ағымдардан аулақ болу, тәлім-тәрбие, білім алудың маңыздылығы, үлкенді құрметтеу, ата-ананы сыйлау жайында уағыздады.
Сала мамандары жасөспірімдерге өз насихаттарын айтып, олардың сұрақтарына жауап берді. Мектеп ұжымы мамандарға өз алғыстарын білдірді.
Жылыой аудандық орталық
мешітінің баспасөз қызметі