Имандылық – жүрекке ұяласа
2 наурыз күні Жылыой ауданы Тұрғызба ауылында №4 М.Әуезов атындағы орта мектептің 9 «б» сынып оқушыларымен «Имандылық – жүрекке ұяласа» атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге Жылыой аудандық Тұрғызба ауылдық мешітінің имамы А.Есқайыров, Дін тәну пәнінің мұғалімі Н.Табылғанова және Жем селолық округының бас маманы С.Досқалиев және 9 «б» сынып оқушылары қатысты.
Имам жастарымызға дәстүрлі Ислам діні, кері ағымдардың ықпалы жөнінде, имандылық, тәлім тәрбие, білім алу және ата-ананың қадірі туралы түсіндірді. Мектеп оқушылары өздерін мазалап, көкейлерінде жүрген діни сұрақтарын имамға А.Есқайыровқа қойып, сұрақтарына тұшымды жауаптар алды. Кездесу соңында шараны ұйымдастырушы ұстаздар имамға шексіз ризашылықтарын білдірді.
Жылыой аудандық орталық
мешітінің баспасөз қызметі