Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Алғыс айту күні

Алғыс айту күнін Қазақстан халқы алғаш рет атап өтті. Бұл күні ренжіскендер татуласады, адамдар бір-біріне жылы қарым қатынас білдіріп, алғыс айтып өз ризашылықтарын жеткізеді. Қазақ – атам заманнан жомарттығымен аты шыққан, сонау қиын жылдарда талай ұлт пен ұлыс өкілдерін бауырына басып, жатты жатсынбай келген елміз.

Өзінің көпғасырлық тарихында небір қиын кезеңдерді бастан өткізді. Биыл елімізде ерекше мереке пайда болды. Президенттің жарлығымен 1 наурыз Алғыс күні деп аталды. Мерекеге байланысты Атырау облысы Индер ауданы «Әйіп қажы» мешітінің «Жастар бөлімі», жастар жамағатымен жергілікті халықтың алғысын алуға бел буып, жалғыз басты, үлкен кісілерге көмек көрсетті. Аулаларын қардан, шөптен, қоқыстан тазалап жұмысты талғамай жан-жақты көмек беруге ат салысты. Көмекке зәру болған жандар алғыстарын білдіріп, баталарын беріпте үлгерді. Жаратушы Иеміз Алла болған Раббымызға шүкіршілік білдіріп, осындай мерекелерге ат салушылар көп болса екен деген тілектеміз.

«Әйіп қажы» мешітінің

 

баспасөз қызметі

Жоғарыға