Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Терроризмге және нашақорлыққа жол жоқ!

19 – ақпан күні Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының мәжіліс залында «Экономика және кеден ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Терроризмге және нашақорлыққа  жол жоқ!» тақырыбында семинар өтті.

Семинар мақсаты – терроризм мен жастар арасында жиі кездесетін нашақорлықтың алдын алу шараларын жүргізу мақсатында кездесіп сұхбаттасу,студенттерді дін мәселесінде көп кездесетін қисық ұғымдардан аулақ  болуға шақыру, салауатты өмір салтын ұстануға үндеу салу.

 

Жиынды «Экономика  және кеден ісі» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., профессор Молдашева Анар Қуанғалиқызы алғы сөзімен ашып, семинарға қатысуға келген институт қонақтарын студенттер мен оқытушыларға таныстырды.

Семинар қонақтары - Сарайшық селолық мұсылмандар мешітінің  имамы Жайлыбек Кенжеалиев «Дін исламды терроризмге айналдырушылар», Успенский соборының монастырь бастығы - Михайл әкей «Терроризм глобальные проблема вселенного», Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы - Галиев  Боранбай «Терроризм және нашақорлық - әлемге төнген қауіп» деген тақырыптарда дайындаған баяндамаларын ұсынды.

Семинар аяғы, ашық сұхбатқа жалғасып, студенттер өздерін мазалап жүрген сұрақтарға толымды жауаптар алды.  Шараны ұйымдастыру алқасы семинарға қатысушы құрметті қонақтарға институт атынан өз алғыстарын білдірді.

"Иманғали" орталық мешітінің

 

баспасөз қызметі


Жоғарыға