Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Мешітке тал отырғызылды.

Барлық адамзат үшін көктем мезгілінде аумақтарын сәулеттендіру, санитарлық тазарту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу дәстүрге айналған.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Кімде-кім бір ағаш отырғызса, бұл ағаш жеміс бергенге дейін оған қарап қорғаса, бұл ағаштан түскен әрбір жеміс Аллаһ алдында ол адам үшін бір садақа болады»  деген. Тал егу дінімізде де сауапты іс екеніне осы хадис дәлел.   9-10 сәуір күндері «Темірәлі» мешітінің имамы Нұрлан Жарқымбаев мешіт жамағатының басын қосып мешіттің айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді, тазалық жұмыстарымен қоса, мешіттің айналасына талдар отырғызылып, гүлдер егілді.

"Иманғали" орталық мешітінің

 

баспасөз қызметі.

 

Жоғарыға