Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Ислам және зайырлы қоғам

24 ақпан күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен "Ислам және зайырлы қоғам" атты республикалық конференция өтті.  Мұндағы негізгі мақсат – ҚМДБ қызметкерлерінің кәсіби қабілетін арттырып, жастарды патриотизмге тәрбиелеу. Сонымен қатар, дін мен зайырлы қоғамның үйлесімділігін арттыру болатын.

Ол ең алдымен халықпен тікелей байланыста жұмыс істейтін имамдардың қазіргі уақыт талабына сай азаматтардың біліктілігі, адамгершілік қырлары олардың әрбір сөздерінен, жүріс-тұрысынан айқын көрініп тұруға тиіс. Осы шараның жалғасы іспетті 13 cәуір күні Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы  «Темірхан Байсырымов» Құлсары гуманитарлық техникалық колледжінде  «Ислам және зайырлы қоғам» атты семинар болып өтті. Кездесуге Жылыой аудандық орталық  мешітінің бас имамы А.Исаев, найб имамы Я.Серік, Мешіт  ұстазы Б.Сағындықов, Жастар ресурсының бөлімнің басшысы М.Қабиденов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Кадиров, ақын Б.Базарбаев, колледж деректоры  М. Абдигалиева,  мұғалімдер, студенттері және БАҚ өкілдері қатысты. «Зайырлы қоғамдағы мемлекет пен дін арасындағы өзара байланыстың орнын айқындап, дін ұстанушы азаматтарды патриотизмге тәрбиелеу, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, әрбір азаматтың діни және зайырлы сауатты болса иманды қоғам құрамыз», - деді бас имам.

Кездесу соңында жастар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, қанағаттарлық жауаптарын алуда. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

    Жылыой аудандық орталық

 

            мешіттің баспасөз қызметі

 

Жоғарыға