Шәкірттерге Құран оқудың сауабы түсіндірілді
Қасиетті Құран Кәрімде: «Негізінде осы Құран ең тура жолға салады. Әрі дұрыс іс істеген мүміндер үшін әрине зор сыйлық бар екендігін сүйіншілейді», - делінген. Алла Тағала құлдарын қараңғылықтан құтқару үшін бізге Қасиетті Құранды түсірген. Құранның әр аятына емес, әр әрпіне мыңдаған сауап жазып, қасиетінің шексіз екендігін дәлелдейтін бірнеше аяттар түсірген. Әрбір мұсылман Құранды өзі оқып үйреніп, оны бала-шағасына да үйретуге міндетті. Себебі пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадис-шарифте:
«Сіздердің ең жақсыларыңыз Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендеріңіз»- деген.
Осы мақсатта «Иманғали» орталық мешітінің найб имамы, ұстаз Артық Жұмабекұлы өзінің шәкірттеріне мешітте ақ дастархан жайып, Құран оқудың сауабы жөнінде дәріс жүргізді. Сонымен қатар, «Әттақуа» мешітінің бас имамы Өсмхан Аманбайұлы «Құран оқуда қандай хикмет жатыр?» тақырыбында уағыз айтты.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі.