Оқы, Раббыңның атымен оқы!
Кешегі өткен Кеңес заманында, әрбір мектептің маңдайшасында тасқа басқан-дай етіп: «Оқы,оқы және оқы!»,-деп жазып, оның астына өздерінің көсемдерінің атын баттыйтып жазып қоятын.Сол дәуір адамдарының санасына «мінекей, бәрі- мізді «күн көсем» ілім-білімге шақырып жатыр»,-деп үгіт-насихаттарын құятын. Жаратқанның қалауымен жалғандық жойылып, күллі қазақ баласына жарық күн туды.Алмас қылыштай ақихаттар айтылып,ата-баба дінімен қайта қауыштық.
«Бақсақ,бақа екен»,-демекші бұныңыз Алла Тағаланың Адамзат баласына ақыр- ғы елші Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) арқылы жеткізген ахиқат сөзі, қасиетті Құран-Кәрімнің: «Оқы.Сондай Жаратқан Раббыңның атымен оқы» ( Алақ сүресі,1-аят),-деген ең алғашқы аяты екен.Осы арқылы Алла Тағала барша мұсылманды ілімге, оқып-тоқуға шақырып жатыр.Жалпы, Ислам дінінің ілім-білімге ерекше мән беретінін меңзеп тұр. Ал, ондай асыл дін ешқашан да жамандыққа,атыс-шабысқа, лаңкестік пен бүлікке шақырмайтыны айдан да анық, ағайын.
Атырау қаласы, Балықшы кентінде орналасқан «Иманғали» орталық мешітінің сауат ашу орталығында, белгілі теолог Қанат Жұмағұлдың басшылығымен арнайы екі айлық курсы аяқталып, Атырау қаласы, Алғабас ауылы «Мәулімберген» меш- ітінің Қайрош қажы Қуанұлы, Жеңіс Жақанов, Сұлтанбек Сартекенов, Рахымжан Бөлекбаев, есімді жамағаттары арнайы куәліктерін алып шықты. Осыған орай «Мәулімберген» мешітінің бас имамы Мақсот Бағытжанов,қасиетті Жұмадан соң сертификаттарын арнайы табыстап, ілім алушылар құрметіне арнайы дастархан жайылды. Дастархан басында ілім алудың артықшылықтары айтылып, мешітіміз- дің ақсақалы Қайрош қажы Қуанұлы барша жамағат пен ұстаздарға аталық тілегін ақ білдірді.Алла Тағала ниет-тілектерімізді өз құзырында қабыл еткей! Әумин!!!
«Мәулімберген» мешітінің
баспасөз қызметі.