Ауыл мешіті ауызашар жасады
Қасиетті Рамазан айы есіктен еніп, миллиондаған мұсылман «ауыз бекітті».Рас, айтуға оңай болғанымен шіліңгір шілдеде сағаттап ішіп-жемнен тыйылу үшін де нық иман керек.Жалпы, оразаны не үшін ұстаймыз? Ондағы көздеген мақсат не? Ораза тек ішіп-жемнен ғана тыйылу ма? Жоқ.
Ұлы Жаратушы Ораза туралы: «Құлдарымның барлық амалдары өздері үшін, ал Ораза мен үшін.Оның сыйын да өзім беремін»-дейді.Ораза Алла Тағаланың рахымына бөлейтін ерекше ғибадат.Ал, ораза ұстаған жанға ауыз аштыру тіптен керемет амал болып табылады.
Алла елшісі Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) бір хадисте:
Рамазан айында аузы берік адамға су беріп, аузын аштырған адам, анасынан жаңа туғандай күнәсіз болады»,-дейді. Міне, осындай асыл хадистерге амал ет- кен ауыл азаматы Ғабит Махамбетов мешіт жамағаттарына ауызаштырды.Ауыз- ашарға 50-ге тарта жамағат қатысты. Мешіт имамы - Мақсот Бағытжанов дастар- хан басында уағыз-насихат айтып,ауызашарды ұйымдастырған барша азаматтар- ға шынайы ризашылығын білдірді.Алла Тағала игілікті амалдарымызды өз құзыр- ында қабыл етіп, еселеп сауап жазғай. Әумин!
«Мәулімберген» мешітінің
баспасөз қызметі.