Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Рамазан айында Құран Кәрімнен жарыс өтті

                Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз хадисінде айтады: «Сендердің ең қайырлыларың - Құранды үйреніп әрі оны үйреткендерің». Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бізге Құранды үйренуді бұйырып оны өзгеге үйреткеннің мәртебесі Ұлы Алланың алдында жоғары екенін айтып кетті. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтарды Құранды үйренуге, діни білім алу қажет екенін жеткізу үшін ауданымызда Қасиетті Құран Кәрімнен сайыс өтті.Индер ауданы «Әйіп қажы» мешітінің жастар жамағаты ұйымдастыруымен Қасиетті Құран Кәрімнен жарыс өткізіліп, жарысқа Оразұлы Абдулхайир ұзтазбен Жарсуат ауылы «Жарсуат» ауылдық мешітінің имамы Рспаев Құраштың Рамазан айында басталған сауат ашу курсында сабақ алған шәкірттер сынға түсті. Аталмыш сайысқа 23 шәкірттер қатысып, сайыс өте тартысты болып, сынға түскен шәкірттер өз білімдерін толықтай жеткізе білді. Қасиетті Құраннан сүре оқытып, қосымша діни сұрақтар қойылды. Сайыста Жұбан Әбілқайыр, Мұратұлы Ризабек, Ғайным Еркебұлан ерекше көзге түсіп, жүлделі орындарды бөліп алды. Жүлдегерлерді құттықтау қағазы мен құңды сыйлықтар беріліп, қалған шәкірттерге алғыс хаты мен сыйлықтар табысталды. Осындай жақсы шаралар көп болып, келер жастар білімді болып, білімдеріне сай амал етулерін бір Алладан сұраймыз.

 

                                                                                                               Индер ауданы баспасөз қызметі

Жоғарыға