ҚАСИЕТТІ АЙДА ӨТКІЗІЛГЕН АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫ МАХАМБЕТТЕ ЖАЙЫЛДЫ
Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Қасиетті Рамазанның ерекшелігі мен маңыздылығы жайлы, кез келген адамның бұл қасиетті айда Алланың сыйына бөлену мүмкіндігі бар екенін айтқан: cоның бірі «Кімде-кім ораза тұтқандарға ауызашар берсе, Алла оған мол сый береді және ораза ұстаушының сауабындай сауап береді» - деген.
Міне, осындай қасиетті Рамазан айында Алла разылығы үшін Атырау қаласы мен аудандық мешіттерде ораза тұтқан жандарға Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» орталығы ауызашар дастархандарын ұйымдастырып келеді.
29 маусымда Махамбет аудандық «Исатай-Махамбет» мұсылмандар мешітінде ораза ұстаған 100-ге жуық адамға ауызашар дастарханы жайылды. Ауданға арнайы барған «Шапағат» орталығының теологтары Айбек АТАШЕВ пен Мейіржан Рахматулла ауызашар дастарханына жиналған дүйім жұртты Рамазан айымен құттықтап, ынтамақ-бірлігі жарасқан қазақ еліне бейбітті күндері көп болғай деген жүрек жарды тілектерін білдірді.
Сонымен қатар теолог М.Рахматулла тарауих намазына жиналған жамағатқа «Ханафи фиқхын, матруди сенім мектебінің негізгі критерилерін түсіндіру» мақсатында әсерлі уағыз жүргізді.
Қайырлы істердің куәсі болған аудан тұрғындары мен аудандық Бас имам М.Қожахметов Атырау облысы Дін істері басқармасына және «Шапағат» орталығына шексіз ризашылығын білдірді.
