Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

Тарауих намазында Құран хатым батасы берілді

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

      Рамазан – Құран түскен ай. Бұл айда Құранды толығымен тарауихта және кітап жүзінен оқып шығу сүннет амал.

     «Иманғали» орталық мешітінде  02 шілде күні, тарауих намазында сенбі күні Құран хатым батасы жасалды. Рамазан айының алғашқы тарауих кешінен басталған Құран хатым қасиетті айдың 02 шілдесінде тәмамдалды.  

      ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының әсерлі жасаған дұғасына жамағат көз жастарына ерік берді.

      Мешіт жамағатын қасиетті Рамазан айында әсерлі қырағатымен ұйытып, тарауих намазына имамдық еткен Түркия мемлекетінен келген Осман Тигли мен Еркінбек Керімбекұлы қариларға құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жабылды.

 "Иманғали" орталық мешітінің

                                                                                                                                                                                            баспасөз қызметі

Жоғарыға