"Рамазан - Зекет айы"
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) зекет шығарудан мал-мүліктің кемімейтіндігін, керісінше, көбейіп, береке даритындығын айтқан.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: "Мал-дүниелеріңді зекет беру арқылы қорғаңдар"
Қасиетті Рамазан айында, 3 шілде күні «Зекет» қоры мен «Иманғали» орталық мешіті бірлесе отырып «Рамазан - Зекет айы» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Игі шарада көмекке мұқтаж 34 адамның әрқайсысына он бес мың теңге көлемінде қаржылай қайырымдылық көмек көрсетілді.
"Иманғали" орталық мешітінің
баспасөз қызметі
