Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

ЖАМАҒАТ ТАБИҒАТТА ТЫНЫҒЫП, ОРАЗА АЙТТЫ АТАП ӨТТІ

Рамазан айының күндіздерін ораза ұстаумен, түндерін ғибадатпен өткізген исі мұсылман ораза айт мерекесін қуана қарсы алады. Әрине, ораза айт Алланың берген үлкен сыйы. Мұсылмандардың бір-бірін бауырына басып, өзара құттықтасуы да айтқа жарасар бір бейне. Ораза айт мерекесінің екінші күні ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен 50-ге жуық кісіге арналып қала сыртындағы «Бесікті» жағажайында бір күндік демалыс ұйымдастырылды. 

Аталмыш мерекелік демалысқа ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Б.Мансұров, Атырау облыстық дін істері басқармасының бастығы Еркінбек Шоқай, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының директоры, теолог Қ.Жұмағұл, қор директорының орынбасары, дінтанушы А.Аташев және мешіт қызметкерлері мен аға буын жамағаттары жанұяларымен қатысты.

Ораза айтқа ұйымдастырлған бұл демалыстың орны ерекше екеніне тоқталған өңірдің өкіл имамы Б.Берденұлы әуелі ақ дастархан басындағыжамағатқа алғысын білдіріп, әрдайым ынтымақ пен сыйластық болған жерде ғана үмметтің бірлігі нығая түсетіндігін атады. Бүгінгі демалыс та – осының айқын бейнесі екеніне тоқталды.Мұнан соң Атырау облыстық дін істері басқармасының бастығыЕркінбек Шоқай аймақтағы және қала ішіндегі мешіттердің қызметі қарқын алып жатқанын және ондағы жамағаттардың қарым-қатынасы жақсарғандығын сөз етіп, Ораза айттың құрметіне жасалған демалыстың сәтті өтуіне ақжарма тілегін білдірді.

Мұнан өзге дін қызметкерлері мен мешіт жамағаттары таза ауада футбол, волейбол, қазақша күрес, қол күрес, арқан тарту сынды спорттық ойындар ойнап, демалыстың сәнін онан әрі келтірді. Айтпақшы, демалушылар спорт ойындарымен де шектелмей, дін тақырыбында сұрақ-жауап өткізіп, жеңімпаздар мешіт ұсынған сыйлықтарға ие болды. Балалар да бұл күні асыр сала ойын ойнап, мерекені шат-шадыман етті.

Ораза айтты ескерусіз қалдырмай, жамағатқа жанұялықдемалысжәнеқызықты бас қосуұйымдастырған өкіл имам Батыржан Берденұлына жамағаттар алғыстарын жаудырып, шексіз ризашылықтарын жеткізді.

Атырау облыстық «Иманғали»

 

орталық мешітінің баспасөз қызметі

Жоғарыға