Атырау облысы, «Иманғали» орталық мешіті

Мәзір

«Спорт – денсаулық кепілі» атты жамағаттар арасында аяқдоптан біріншілік болып өтті

 «Азаматтық бастамаларды қолдау  орталығы» қоғамдық қорымен бірлесе отырып «Иманғали» орталық мешітінің  ұйымдастыруымен «Спорт – денсаулық кепілі» атты мешіт  жамағаттары арасында кіші аяқ добынан біріншілік болып өтті.

           Жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және ел болашағы жастарымыздың бойында елге, жерге деген сүйіспеншілікті оятатын патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында спорттық шараларды үнемі ұйымдастырып отыру жолға қойылып келеді. Атырау қаласында «Геолог» спорттық кешенінде облыстық мешіттің жамағаттары мен дін қызметкерлері бірнеше командаға бөлініп мини футболдан өзара сайыс өткізді.Сайысқа  «Иманғали» орталық мешіті, «Әт-тақуа» мешіті, «Құспан молда» мешіті, «Мәулімберген» мешіті, «Дина» сауда үй жамағаты  және т.б  командалар қатысты.

        Жарыс соңында жақсы ойын өрнегін көрсеткен жекелеген ойыншыларға облыстық мешіттің атынан арнайы дайындалған Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

       Бірінші орынды «Иманғали» орталық мешіті иеленіп, екінші орынды «Атырау селолық мұсылмандар» мешіті болса, үшінші орынды «Құспан молда» мешіті иеленді.

 «Иманғали» орталық мешетінің

 

Баспасөз қызметі.

Жоғарыға