«Сұрақ-жауап» сайысы қызыққа ұласты
3-ші тамыз күні «Иманғали» Орталық мешітінде, жамағаттардың білімін арттыру мақсатында «Сұрақ-жауап» сайысы өтті. Сайысқа «Иманғали» орталық мешітінің найб имамдары Мұрат Мұстафаев және Арман Урумбаев атты имамдар төрелік етіп, өз бағаларын берді. Мешіт жамағаты бірі білмегенін, бірі білісіп сұраққа нақты жауап беріп отырды.
Адамзаттың ұстазы болған Пайғамбар (с.ғ.с) білім алуға байланысты көптеген хадистер айтып кеткен. Солардың бірі «Білімді бесіктен көрге дейін ізденіңдер» десе, тағы бір хадисте «Білім іздену барлық мұсылманға парыз» деген. Мұндай хадистерді ұғынған кез-келген мұсылман үшін білімге деген құштары артары анық.
Сайысқа қатысып белсенді жауап беріп,жақсы көзге түскен жамағаттар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
"Иманғали" орталық мешітінің
баспасөз қызметі.