"Дін және қоғам" тақырыбында өткен пікір сайыс
Жылой аудандық кітәпханасында «Жылыой мұсылмандары» мешітінің,«Жастар ресурстық орталығының» кмм,Дін істері басқармасының «Ақпараттық- талдау орталығы»кмм-нің ұйымдастыруымен "Дін және қоғам" тақырыбында пікір сайыс турнирі өтті.
Пікір сайыс турнирі аясында "Жастар арасында діни экстремизм және терроризмнің алдын алу» бағытында арнайы 3 команда қатысып 1 орынды Жалын,2 ші орынды Тұлпар,3-ші орынды Қыран командасы ұтып алды. Пікір сайыс турниріне "Жылыой орталық" мұсылмандар мешітінің наиб имамы Серік Ясин, «Қосшағыл мұсылмандары» мешітінің имамы Теңел Айдарбекұлы, «Қапан қажы» мешітінің имамы Жамбыл Демеуұлы , «Жастар ресурстық оталығының» қызметшісі Дана қатысты.
Кезекті сөз алған "Жылыой мұсылмандары»" орталық мешітінің наиб имамы Серик Ясин жастардың бойынан имандылық табылған кезде ғана Отанына, еліне адал қызмет атқарып, жат әдеттен бой алыстатындығын жеткізді. Сондай-ақ, жастарды алдау-арбаумен орға жығып жатқан жат ағымдардан сақ болу керектігін жастар жадына салып, тақырып аясында өз ойымен бөлісті.
Пікір сайысқа белсенді жəне жұмыссыз жастары қатысты.Тұжырымды пікірлер,ұтымды ойлар айтылып , үздік жастары марапатталды.
"Қапан қажы" мешіті
баспасөз қызметі.